Өскеменде бірқатар көше кеңейтіліп, қалпына келтіріледі

12 Сәуір 2020, 22:35
2247
Бөлісу:
Өскеменде бірқатар көше кеңейтіліп, қалпына келтіріледі
PHOTO

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңір басшысы Даниал Ахметов облыс орталығындағы жол жөндеу жұмыстары барысымен танысып қайтты.

WhatsApp Image 2020-04-12 at 20.38.33.jpeg

Қалаларда енгізілген қосымша шектеулер көшелерді қалпына келтіруге жақсы мүмкіндік тудырып отыр. Бұл әсіресе көлік ағымы 70 пайызға дейін азайған демалыс күндері мүмкіндік беруде. Облыс орталығында жүргізілетін жұмыстардан Семей қаласы да қалыс қалмайды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, облысымызға 75 миллиард теңге бөлінді. Аталған қаражат бірінші кезекте әлеуметтік және денсаулық сақтау ұйымдары нысандарын жөндеуге, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына жұмсалатын болады, - деді Даниал Ахметов.

WhatsApp Image 2020-04-12 at 20.38.35.jpeg

Жұмыс барысын көзімен көріп қайтуды ұйғарған өңір басшысы бірінші кезекте оңға бұрылуға мүмкіндік беретін екі қосалқы жолақ салынып жатқан "Орталық базар" ауданына тоқтады. Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, биыл қала ішіндегі жолдарға оң жаққа бұрылуға мүмкіндік беретін қосымша жеті жолақ жол салынатын көрінеді.

WhatsApp Image 2020-04-12 at 20.38.34 (2).jpeg

Сонымен қатар, Ушанов алаңында автобустарға арналған жеке жолақ пайда болады. Өскемен қалалық Полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімінің басшысы Сергей Коваленко Назарбаев даңғылының Ушанов алаңындағы бөлігінің жиектері кеңейтілетінін хабарлады. Бұл бірінші кезекте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар. Аталмыш аумақтағы қылқан жапырақты ағаштардың барлығы қазып алынып, қаланың басқа бөліктеріне отырғызылатын болады.

WhatsApp Image 2020-04-12 at 20.38.34.jpeg

Бұл жерде автокөліктер жүретін төрт жолақты жол болады. Сондай-ақ, қоғамдық көліктерге арналған бесінші қосалқы жолақ салынады. Ол үшін айналма жолдың ортасындағы жасыл алаңды жан-жағынан біраз тарайтуға мәжбүрміз, – деді Сергей Коваленко.

WhatsApp Image 2020-04-12 at 20.38.35 (1).jpeg

Бұдан бөлек, облыс әкімі Меновное ауылының Ярославская көшесіне атбасын бұрды. Бұл көше екі есеге кеңейтіліп, осы айда асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталады. Сонымен қатар, жақын арада Чехов көшесі де кеңейтіліп, оң жаққа бұрылуға мүмкіндік беретін қосалқы жолақ жол салынады. Қала әкімінің айтуынша, орыс православ шіркеуінің өтініші бойынша аталған көшедегі тарихи-мәдени ескерткіш саналатын фонтан шікеу маңына көшірілетін көрінеді.

WhatsApp Image 2020-04-12 at 20.38.34 (1).jpeg

Даниал Ахметов маңызды нысандарды көшіру қоғамдастықпен келісе отырып жүргізілуі керектігін баса айтты. Сондай-ақ, өткен ғасырдың басында салынған үйлердің қасбеттерін сол кездегі стильге сәйкестендіру қажеттігін де атап өтті. Олардың қатарына А. Чехов, М.Горький көшелері мен Назарбаев даңғылының Достық үйі орналасқан бөлігіндегі үйлер жатады.

Нысандарға алғашқы тарихи бейнелерін қайтару қажет. Ол үшін қаражат бөлеміз. Сонымен қатар оларда жапсырылған жарнамалық құрылыстар мен баннерлердің барлығын алып тастау керек, – деп қосты облыс әкімі.

Құрылыс нысандарын аралау барысында облыс әкімі солжағалау ауданында салынып жатқан төрт 12 және бес 19 қабатты тұрғын үйлердің құрылыстарын көріп қайтты. Ол аталған тұрғын ауданда ірі қалаларға тән барлық заманауи нысандардың салынатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы