Өскеменде айыппұлын төлемеген 30 жүргізуші жаяу қалды

12 Маусым 2022, 09:33
1329
Бөлісу:
Өскеменде айыппұлын төлемеген 30 жүргізуші жаяу қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласында айыппұлын төлемеген 30 жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Борышкер» жедел алдын алу шарасын жүргізді. Соның барысында үш күн ішінде жол ережесін 15 рет бұзған «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі тоқтатылды. 

Ер адам жол белгілері талаптарын орындамау, маневр жасау ережелерін бұзу, жылдамдықты рұқсат етілген шектен асыру сынды бұзушылықтар жасаған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы – 266 мың теңгені құрады. Полицейлердің анықтауынша, жүргізуші қалаға алғаш рет келген.

 Шара барысында айыппұлын төлемеген 30 жүргізушінің автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды. 2000-нан астам азаматқа әкімшілік айыппұлын төлеу қажеттігі туралы хабарлама таратылды, - дейді басқарма бастығы Андрей Мула. 

Өзгелердің жаңалығы