Өскеменде 15 мыңға жуық тұрғын жылусыз қалды

Бүгiн, 10:31
168
Бөлісу:
Өскеменде 15 мыңға жуық тұрғын жылусыз қалды

Диаметрі 630 миллиметрлік жылу магистралінің жарылуы салдарынан Өскемен қаласында бірқатар ауданның тұрғындары жылусыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті Yk.kz мәліметінше, 14 819 абонент ыстық су мен жылусыз қалған. Оның ішінде, 14 457 абонент - жеке тұлға, 362 - заңды тұлға", - деп хабарлады "Шығыс Жылу" АҚ.

Төтенше бригадалар апат болған жерді анықтап, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Мамандар мен техника жұмыс істеп жатыр, апат болған жерді анықтауда қиындықтар туындады. Апат жойылғаннан кейін жылу беріледі, - деді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан. Байвахметов.

Апаттың себептерін анықтау үшін комиссия құрылды.

Өзгелердің жаңалығы