Өскеменде 100 ауланың жолы жөнделеді

13 Мамыр 2023, 08:34
872
Бөлісу:
Өскеменде 100 ауланың жолы жөнделеді
Фото: baq.kz

Өскемен қаласының басшылығы аула жолдарын жөндеу бойынша бағдарлама дайындап жатыр. Енді қасбеті жаңартылатын тұрғын үйлердің ауласына асфальт төселеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ең нашар деген жүз ауланы таңдап, бір кезеңде асфальтты толығымен ауыстырамыз. Сонда ғана жұмыс өнімді болады. Бұған дейін болған аула шұңқырларын жөндеу жұмыстары біз күткен нәтижені бермеді. Жаңа бағдарлама әзірленген соң бірден іске кірісеміз, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Қала басшысының айтуынша, бұл жұмыс биыл басталып кетеді. Қаржы бөлу мәселесі қалалық мәслихаттың келесі сессиясында қаралады.

Өзгелердің жаңалығы