Өскемен тұрғынынан қалам тәрізді қару тәркіленді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының тұрғынынан ататын қару-қалам тәркіленді, деп хабарлады ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.</h4>

 11 Маусым 2021 2021, 16:07
11 Маусым 2021 2021, 16:07
2607

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қаласының тұрғынынан ататын қару-қалам тәркіленді, деп хабарлады ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Ерекше режимдегі колония қызметкерлері «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлерімен бірге Өскемен қаласының 44 жастағы азаматын ұстады. Ол өз еркімен қолдан жасалған атыс қаруына ұқсас затты тапсырды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде азаматтан автоқалам ретінде бүркемеленген, шағын калибрлі патрон үшін бір оқтаулы тапанша тәркіленді. Аталған факті бойынша балистикалық сараптама тағайындалды, - деді ШҚО бойынша ҚАЖ облыстық департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.


Наверх