Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады.
7 қыркүйекте Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың батысында және орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қаласында 7 қыркүйекте найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Сонымен қатар 6 қыркүйек сағат 21.00-ден 08 қыркүйектің сағат 09.00-ға дейін Өскемен, Семей қалалары бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы бірінші дәрежелі ескерту жарияланды, - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек 7 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Сондай-ақ 7 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі.