Өскемен мен Зайсанда Халықтық спорт ойындары өтеді

Бөлісу:
Өскемен мен Зайсанда Халықтық спорт ойындары өтеді
Фото: baq.kz

ШҚО-да 12-23 тамыз аралығында XXII Халықтық спорт ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорттық шаралар облыстың екі қаласында өткізіледі деп жоспарланған.

Ат спорты және ұлттық спорт түрлері Зайсан қаласында 12-16 тамыз аралығында өткізіледі. Бұқаралық спорт түрлері Өскемен қаласында 18-23 тамыз аралығында өткізіледі. Салтанатты ашылу рәсімі Спорт күніне орай Өскемен қаласы, Сәтпаев даңғылы 82/2 мекенжайы бойынша 18 тамыз күні, сағат 18.30-ға жоспарланған, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Ойындар спорттың 22 түрі бойынша өткізіледі. Жарысқа Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарының атынан қатысатын 13 командадан 2 мыңнан астам адам келмек. Іс-шараны өткізуге 500-ден астам адам жұмылдырылады.

Өзгелердің жаңалығы