Өскемен әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Айыпталушылар 2018 жылдан 2023 жылға дейін қомақты қаржыны өз пайдаларына аударып отырған.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 13:10
Бүгiн 2026, 13:10
312
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Өскеменде әуежайдың бұрынғы басшылығына қатысты аса ірі мөлшерде жымқыру ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Өскемен әуежайы» АҚ президенті Қ. мен атқарушы директоры С. өз қызметтік өкілеттіліктерін пайдаланып, алдын ала сөз байласқан топ құрамында бірнеше рет аса ірі көлемде бөтен мүлікті жымқырғандары анықталды.
 
Сондай-ақ, «Өскемен әуежайы» АҚ-ның президенті К. ҚР ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша сотталды.
 
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға ретінде К. өз қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүддесіне қарсы пайдаланып, өз пайдасы мен артықшылықтарын алу мақсатында әрекет еткен, бұл «Өскемен әуежайы» АҚ-ның (акцияларының 100% мемлекетке тиесілі) заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, ауыр салдарға әкелген.
 
«Өскемен әуежайы» АҚ материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобының басшысы Д. өз қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, алдын ала сөз байласқан топ құрамында Қ. мен бірге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін ҚР ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігі, 1 және 3-тармақтары бойынша сотталды.
 
Сот анықтағандай, айыпталушылар 2018 жылдан 2023 жылға дейін еңбек шарттары бойынша келісімшарттар жасап, сыртқы ұйымдарға төлем шығыстарын көбейтіп, келісімшарттағы сомма пен нақты төленген сомма арасындағы айырманы өз пайдасына аударып отырған.
 
Сотталушылар өз кінәсін толығымен мойындаған жоқ.
Азамат К. ҚР ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармғы және 189-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. С. ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылып, қосымша жаза ретінде 10 жыл мерзімге белгілі қызмет түрін атқару құқығынан айырылды. Баласы кәмелеттік жасқа толмағандықтан, сот тағайындаған жазасының орындалуын баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылды. Д. ҚР ҚК-нің 189-баптың 2-бөлігнің 1 және 3-тармақтары бойынша 2 жылға бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалды. «Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына байланысты амнистия туралы» заңы бойынша жазаның мерзімі жартысына қысқартылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды және қосымша жаза ретінде 3 жыл мерзімге белгілі қызметпен айналысу құқығынан айырылды, - деп хабарлады ШҚО сотының баспасөз қызметі. 
Сонымен қатар, сот «Өскемен әуежайы» АҚ-ның азаматтық талап арызын қанағаттандырды. К.-дан 120 512 179 теңге өндірілді. К. мен С.-дан бірлесіп 18 718 914 теңге өндірілді. К. мен Д.-дан бірлесіп 2 127 501 теңге өндірілді.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Наверх