Облыс орталығында алдағы жылыту маусымына дайындық басталып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.
Жоспар бойынша «Өскемен Водоканал» мекемесінің «Пионер» бас тоғанының бекіту арматурасы ауыстырылуға тиіс. Бұл жұмысты жүргізу үшін бірқатар тұрғын үйді су жүйесінен ажыратуға тура келеді.
5 маусым күні сағат 23:00-ден 6 маусым 06:00-ге дейін мына көшелерде суық су болмайды:
Әуезов даңғылы, Жеңіс даңғылы, Қайсенов көшесі, Крылов көшесі, Тоқтаров көшесі, Либнехта көшесі, Лихаревкөшесі, Славский атындағы жағалау, Горький көшесі, Бейбітшілік көшесі, Чехов көшесі, Қазақстан көшесі,Қабанбай батыр көшесі, Новаторлар көшесі, С.Нұрмағамбетов көшесі, Л. Толстой көшесі, Протозанов көшесі,Пермитин көшесі, Буров көшесі, Мыза көшесі, Красин к., Шмелев Лог к.
«Аталған мекенжайларға мамандар арнайы техникамен су тасымалдайды. Суық суға арнайы телефондар арқылы тәулік бойы өтінім беруге болады», - делінген хабарламада.