Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лос-Анджелесте 94-ші «Оскар» сыйлығы үздіктерін анықтау рәсімі өтті.
Уилл Смит «Король Ричард» фильміндегі рөлі үшін «Үздік ер адам рөлі» Оскарына ие болды.
Король Ричард – Рейнальдо Маркус Гриннің теннисшілер Венера мен Серена Уильямстың әкесінің өмірі туралы түсірілген драмалық фильм.
Сондай-ақ Режиссер Дени Вильнёвтің "Дюна" фильмі алты мүсінше жеңіп алды.
Кинематографиялық өнер және ғылым академиясы «Үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығы «CODA: Ребенок глухих родителей» драмасына берілді.
Үздік фильм - "CODA: Ребенок глухих родителей"
Үздік режиссер - Джейн Кэмпион, "Власть пса"
Үздік актер - Уилл Смит, "Король Ричард"
Үздік актриса - Джессика Честейн, "Глаза Тэмми Фэй"
Үздік екінші актриса - Ариана ДеБос, "Вестсайдская история"
Үздік екінші актер - Трой Коцур, "CODA: Ребенок глухих родителей"
Үздік бейімделген сценарий - Шан Хейдер, "CODA: Ребенок глухих родителей"
Үздік түпнұсқа сценарий - Кеннетт Брана, "Белфаст"
Үздік шетелдік фильм - "Сядь за руль моей машины" (Жапония)
Үздік анимациялық фильм - "Энканто"
Үздік деректі фильм - "Лето соула"
Үздік оператор - Грег Фрейзер, "Дюна"
Үздік визуалды эффекттер - "Дюна"
Үздік монтаж - "Дюна"
Үздік дыбыс - "Дюна"
Үздік түпнұсқа саундтрек - "Дюна"
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм - "Стеклоочиститель"
Үздік қысқа метражды фильм - "Долгое прощание"
Үздік қысқа метражды деректі фильм - "Королева баскетбола"
Қоюшы-суретшінің үздік жұмысы - "Дюна"
Үздік костюмдер - "Круэлла"
Үздік макияж және шаш үлгісі - "Глаза Тэмми Фэй"
Үздік ән - Билли Айлиш және Финнеас О’Коннелл, "No Time To Die"