ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдады

12 Қазан 2022, 20:32
1028
Бөлісу:
ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдады

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованың Конституция мен Сайлау туралы Конституциялық заңда қойылған талаптарға сай келетіндігін растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Алтынбек Смағұлов Салтанат Тұрсынбекова кандидатурасының «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық ұйымы атынан ұсынылғанын еске салды.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдегендей, Конституциялық заңның 54-бабына , 3-тармағына және 2-тармақшасына, 6-тармағына және 56-бабына сәйкес президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Конституциясы және сайлау туралы Конституциялық заңда қойылған талаптарға толық сәйкес келеді.

Сондай-ақ, аталған үміткердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қатысты лингвистикалық комиссия шешімі шықты.

Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы мемлекеттік тілді еркін меңгергені растап, бірауыздан шешім қабылдады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы