Бүгін Орталық сайлау комиссиясының 20-шы отырысының күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«2022 жылғы 7 қазанында Орталық сайлау комиссиясына «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі Нұрлан Әуесбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат етіп ұсынды. Президенттікке кандидат Н.С. Әуесбаевтың қолдауына Қазақстанның 15 өңірінен 120 908 азаматтың қолдары жиналды. Тексеру нәтижесінде 119 197-і рас деп танылды»,- деді Сәбира Мұстафина.
Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тиісті хаттамаға қол қойып, Нұрлан Сатыбалдыұлы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді.