ОСК: Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды

14 Қараша 2022, 18:52
882
Бөлісу:
ОСК: Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның атап өтуінше, «Сайлау туралы» Конституциялық заңның нормаларына сәйкес шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың атынан байқаушыларды аккредиттеу сайлаудан бес күн бұрын жергілікті уақыт 18:00-де аяқталады.

Бүгін сағат 18: 00-де біз аталған процедураны аяқтаймыз, - деп мәлім етті Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Еске сала кетейік, Президент сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет елдерден халықаралық байқаушыларды аккредиттеу еліміздің сыртқы істер министрлігінен келіп түскен еді.

Өзгелердің жаңалығы