Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен 12:00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуіне қатысты ақпаратты ұсынды.
Сағат 12.00-дағы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 30,65 пайызы бюллетеньдер алғаны белгілі болды.
Абай облысы бойынша – 33,58%;
Ақмола облысы – 33,63%;
Ақтөбе облысы – 33,18%;
Алматы облысы – 34,41%;
Атырау облысы – 30,66%;
Батыс Қазақстан облысы – 33,61%;
Жамбыл облысы – 35,82%;
Жетісу облысы – 33,15%;
Қарағанды облысы – 34,19%;
Қостанай облысы – 37,39%;
Қызылорда облысы – 32,78%;
Маңғыстау облысы – 32,43%;
Павлодар облысы – 34,26%;
Солтүстік Қазақстан облысы – 32,81%;
Түркістан облысы – 38,29%;
Ұлытау облысы – 16,38%;
Шығыс Қазақстан облысы – 34,61%;
Астана қаласы – 23,35%;
Алматы қаласы – 11,25%;
Шымкент қаласы – 19,63%.
Неғұрлым белсенді сайлаушылар – Түркістан, Қостанай және Жамбыл облыстарында. Жалпы еліміз бойынша сағат 12.00-дегі ақпаратқа сәйкес, 3 687 608 азамат бюллетень алды. Бұл дауыс беруге арналған тізімге енгізілгендердің 30,65 пайызын құрады. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру процесін кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдары, халықаралық байқаушылар, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқауда, - деп нақтылады сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық ететін органның мүшесі.
Айта кетерлігі, Орталық сайлау комиссиясы әр екі сағат сайын өңірлер бойынша азаматтардың учаскелерге келуі туралы жаңарған ақпараттарды ұсынып, баспасөз мәслихатын өткізеді.