ОСК: 271 халықаралық байқаушы болады

8 Қараша 2022, 14:48
1429
Бөлісу:
ОСК: 271 халықаралық байқаушы болады

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ОСК хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Орталық сайлау комиссиясының кезекті 24- отырысының күн тәртібінің бірі ретінде қаралған мәселе - халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден байқаушыларды аккредиттеу болды.

Орталық сайлау комисссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 14 шет мемлекеттен 134 байқаушыны аккредитациядан өткізу үшін ұсыныс келіп түсті. Сондай-ақ, 14 шет мемлекеттен аккредитациядан өткізу үшін 24 кандидатура ұсынылған болатын. . Олар: Ирак, Италия, Латвия, Өзбекстан Сербия, Финляндия,Ұлыбританиядан - 2 байқаушыдан, Армения, Қырғызстан, Литва, Польша, Тайланд және Мажарстаннан 1 байқаушыдан, Ресей Федерациясынан - 4 байқаушы. 2022 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден байқаушылар саны - 271 адамды құрайды,- деді орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман. 

Сондай-ақ,  5 қараша күні ОСК-на Түрік мемлекеттерінің делегациясының тізіміне өзгеріс енгізу үшін Сыртқы істер министрлігінен ұсыным келіп түскенін айтты. Онда негізгі байқаушылар тарапынан 2 бірдей байқаушының кандидатурасын кері қайтарып алып, басқа байқаушыны ұсыну мәселесі қаралған.

Осыған дейін, ОСК халықаралық ұйымдар мен шет ел мемлекеттерден байқаушыларды аккредиттеу тәртібімен, құқықтары мен міндеттері туралы кезекті отырыс барысында сөз етілген.

Өзгелердің жаңалығы