Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ОСК 1,6 млрд теңгені бюджетке қайтарды

4 Қазан 2022, 14:26
1364
Бөлісу:

Орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумды өткізуге бөлінген 16,5 млрд теңгеден 1,6 млрд теңгені республикалық бюджетке қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумды өткізуге бөлінген 16,5 млрд теңгеден 1,6 млрд теңгені республикалық бюджетке қайтарды, - делінген ОСК таратқан хабарламада.

Қаражат үнемі өткізілген мемлекеттік сатып алуларды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің нақты жұмысқа шығу күндерінің есебінен қалыптасты. 

Бүгінгі өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумды өткізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 309 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» тиісті қаулы қабылданды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы