«Өшпенділік тілін» еңсеру бойынша әдеп кодексі таныстырылды

17 Қазан 2022, 13:43
1618
Бөлісу:
«Өшпенділік тілін» еңсеру бойынша әдеп кодексі таныстырылды
Фото: автордан

QazNetEtiquette әдеп кодексі мен әдістемелік нұсқаулық әлеуметтік желілерде этносаралық «өшпенділік тілін» еңсеру бойынша, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әдістемелік нұсқаулықта «этникалық топтарға қарата айтылған жағымсыз, жалпылама пікірлерді өшпенділік тіліне жатқызамыз» делінген. Этносаралық қатынастар саласында кей кезде біздің азаматтарымыз әлеуметтік желілерде этностарға, ұлттарға қатысты жағымсыз ақпараттар таратып, жағымсыз пікірлер қалдырады. Біреулерді айыптайды, жалған ақпараттарды өзінше түсініп, «өшпенділік тіл» пайда болады, - деп түсіндірді Этносаралық қатынастар комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин. 

Ол сондай-ақ қазір кейбір қоғам қайраткерлері де, белгілі блогерлер де жалған ақпараттарды тарататынын айтты. Сондықтан қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары және мемлекеттік органдар болып осы құжатты пайдалана отырып, қоғамдағы «өшпенділік тілді» қысқарту керегін жеткізді. 

Бұл мемлекет тарапынан емес, қоғам тарапынан шығарылған құжат. Осы құжатты қоғамдық ұйымдар бірлесіп, халықаралық және еліміздің тәжірибесін әлеуметтік зерттеулер жүргізу арқылы дайындады. Бұл біздің ұсынысымыз, бірақ құжатты MediaNet халықаралық журналистика орталығы әзірледі. Біздің мақсат оны халыққа кеңінен тарату, - деді Шойкин.

Айта кетейік, жобаға қаржылық қолдау көрсеткен Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі.

Өзгелердің жаңалығы