Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану докторы, профессор Арыстанбек Мұхамедиұлының «Великие матери выдающихся личностей» кітабы жарық көрді.
Қазақта «Жұмақтың кілті ананың табаның астында» деген керемет тәмсіл бар. Бізде бір жетістікке жетіп жатсақ, бірден рахметімізді аналарымызға айтып жатамыз. Сол тұрғыдан алғанда «Ұлы тұлғалардың кемеңгер аналары» деген кітабын жарыққа шығарып отырмын. Бұл кітап ең бірінші аналарымызға арналған. Бұл кітаптың ішінде елімізге белгілі тұлғалар, мемлекет қайраткерлерінен бөлек, спорт саласындағы Мұхаммед Әли, Пеле, ғылым саласындағы Томас Эдинсон секілді әр салдағы тұлғалардың аналары қамтылған. Елге белгілі азаматтарды тәрбиелеп шығарудағы сол аналардың үлесі жазылған, - дейді кітап авторы.
Ол осы ретте көрші Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің анасы Мария Шеломованың анасы туралы да мысал келтіре кетті.
Мен кітабымда ауқатты отбасында өскен тұлғалардың анасын емес, көбінесе жағдайы қиын болғандарды жаздым. Осы ретте Владимир Путинге (Ресей Федерациясының президенті) рахметімді айтамын. Ол дүниеге келгенде отбасы коммуналдық пәтерде тұрған. ТІпті, үйлерінде кереует болмаған. Сол кезде анасы баласының жерге жатпауы үшін аспалы бесік жасаған. Тағы бір қызығы, анасы балаларының қасында болу үшін түнде жұмыс істеген. Сосын күндіз үйінде болған. Қандай қарым-қатынас десеңізші! Мен бұл тақырыпқа саналы түрде бардым, - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.