2023 жыл басынан бері (қаңтар-қыркүйек) құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 4 707,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бұл былтырғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 12,6% артық.
Құрылыстың 87,3% жеке компаниялар, 12,5% - шетелдік және 0,2% - мемлекеттік компаниялар тарапынан орылдалған.
Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы еліміздің 19 өңірінде байқалды.
Ең жоғары өсім: Маңғыстау облысы – 66,5% Жетісу облысы – 64,6% Абай облысы – 48% БҚО – 41,9% 9 айда пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы ауданы 13 289,4 мың м2 құрады.
Оның негізгі үлесі – 85,4% тұрғын үйлер.
Осылайша, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы 2022 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 11,6% ұлғайып, 11 697,9 мың м2 құрады.
Олардың ішінде: 6 901,2 мың м2. – көп пәтерлі үйлер 4 734,4 мың м2 – жеке үйлер