Қаңтарда өткен жылмен салыстырғанда өрттен қайтыс болғандар мен зардап шеккендер саны артқан

8 Ақпан 2019, 09:56
2093
Бөлісу:
Қаңтарда өткен жылмен салыстырғанда өрттен қайтыс болғандар мен зардап шеккендер саны артқан

Астана, BAQ.KZ. Астанадағы қайғылы жағдайдан кейін жеке үйлердегі рейдтік іс-шаралар күшейтілді. Бұл ретте жеке үйлердегі өрт қауіпсіздік тексерулердің сапасына ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Әкімшілік және газ шаруашылығымен кезекті бірлескен рейдті Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері Шымкент қаласы Оңтүстік шағын ауданының жеке тұрғын үй секторында өткізді. Қызмет атқарудан бос өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамы да үгіт-насихат жұмыстарына шықты.

Рейдтік іс-шаралар барысында барлығы 70 үй қамтылып, өртке қарсы нұсқамадан 300-ден астам адам өтті. Бұл -жарты күндік жұмыстың нәтижесі.

Пештердің өрт қауіпсіздігіне сәйкестігін тексеру барысында кейбір үйде жиі кездесетін бұзушылықтар анықталды. Бұл - түтін мұржаларын дұрыс орнатпауы, оларды күйеден үнемі тазартып отырмайды, жарықтары бар көмір пештерін пайдаланады және жылыту жүйелерінде заттарды кептіреді.

«Бұл - қауіпке алып келетін өрескел бұзушылықтар», - деп Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің инженері түсіндірді. 

Рейд барысында жеке секторға ерекше көңіл бөлінеді. Жақында болған оқиғалар үй иелерін ТЖ қызметкерлерінің аралауына жауапкершілікпен қарауға мәжбүр етті. Сондықтан ТЖ мамандарына тұрғындар наразылықсыз есіктерін ашып, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтарды мұқият тыңдады.

Статистика бойынша 2019 жылдың қаңтар айында өткен жылмен салыстырғанда өрттен қайтыс болғандар мен зардап шеккендер саны артып келеді.

Басым көпшілік өрттер нақты жылу беру кезеңінде болады. Рейдтер, әрине, жылу беру маусымы аяқталғанға дейін тұрақты түрде өткізіледі. Алайда, бұған қарамастан, үшінші мегаполистің тұрғындары құтқарушылардың ескертулерін күтпеуі керек, алдын ала өз үйлерін жану қауіп-қатерден қауіпсіздендіру керек.

Өзгелердің жаңалығы