Өрттен шыққан қою түтін Ақмола облысын басып қалды

8 Мамыр 2023, 17:24
849
Бөлісу:
Өрттен шыққан қою түтін Ақмола облысын басып қалды
Фото: Литер

Көкшетау маңы мен Ақмола облыстарында аспанды қою түтін жауып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көкшетау қаласының тұрғындары 8 мамыр күні таңертең қаланы жауып тұрған қалың түтінге шағымданады. Тұрғындардың айтуынша, өрттің иісі қатты сезілген.

Көшеде және пәтерлерде дем алу мүмкін емес. Өрттен тынысымыз тарылып, денсаулығымызға кері әсерін тигізіп жатыр, – дейді тұрғындар әлеуметтік желілерде.

Ақмола облысы ТЖД-да хабарлағандай, Көкшетау мен жақын жатқан аудандарда өрт оқиғалары тіркелмеген. Түтін Солтүстік Қазақстан облысынан келген дейді. 

Сондай-ақ, Ресейдің Ақмола облысымен көршілес аймақтарында, атап айтқанда Тюмень облысында 7 мамырдың кешінен бастап қатты орман өрті жалғасуда. Өрт салдарынан 124 ғимарат қирап, бір ер адам қаза тапты. Ресейдің Қорған облысында өрттің салдарынан 765 жергілікті тұрғын эвакуацияланды.

Естеріңізге сала кетейік, ірі өрт 7 мамыр, жексенбі күні кешке Петропавлда болған. Өрт 9 ғимаратты қиратты. Ол 8 мамырда сағат 01:01-де жойылды.

Өзгелердің жаңалығы