Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының әкімдігі дала өртінен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Панфилов ауданында болған дала өрті кезінде 7 адам зардап шегіп, 3 адам мерт болған еді. Бүгін Алматы облысының әкімдігі зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтты.
«Кеше Панфилов аудандық орталық ауруханаға 7 адам жеткізілген. Оның 5-еуі амбулаториялық ем алу үшін үйіне қайтарылды, үшеуі ауруханада. Біреуі – жансақтау бөлімінде, екіншісі – хирургиялық бөлімде. Олардың жағдайы бірқалыпты», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар қаза болған үш азаматты жерлеуге көмек көрсетілетіні айтылды.
«Мерт болғандардың екеуі бүгін, үшіншісі ертең жерленеді. Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша олардың отбасыларына барлық қажетті көмектер көрсетілетін болады. Қаза болғандар мемлекеттік наградаға ұсынылады. Сондай-ақ қаза болғандардың бірі 1984 жылы туған азаматтың отбасына мемлекеттік қордан тұрғын үй беріледі. Алматы облысының әкімдігі өртті ауыздықтау кезінде қайғылы қазаға ұшырағандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады», - делінген баспасөз қызметі таратхан хабарламада.