Өрттен кейін әкімдік қайта іске қосылды: Ақтөбеде жұмыс қалыпқа келді

Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметкерлері өрттен кейін қайтадан қалыпты жұмыс кестесіне көшті

 ©BAQ.KZ коллажы/Арайлым Алтайқызы Бүгiн 2026, 15:35
Бүгiн 2026, 15:35
139
Фото: ©BAQ.KZ коллажы/Арайлым Алтайқызы

Ақтөбе облысы әкімдігі өрттен кейін қалыпты жұмыс режиміне оралды. Қызметкерлер уақытша қашықтан істеп, бүгінде толық штатпен жұмысқа кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, 7 сәуір күні Ақтөбе қаласында облыстық әкімдік ғимаратының шатырынан өрт шыққан еді. Оқиға орнында құтқарушылар жедел жұмыс жүргізіп, ғимараттан адамдар эвакуацияланған болатын. Абырой болғанда, зардап шеккендер тіркелмеді.

Өрттен кейін қауіпсіздік шараларына байланысты әкімдік қызметкерлері уақытша қашықтан жұмыс істеу форматына көшкен.

Бүгін облыс әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, мекеме қызметкерлері қайтадан әдеттегі жұмыс режиміне оралды.

Қазіргі уақытта барлық бөлім штаттық тәртіпте жұмыс істеп, қызметкерлер өз міндеттерін толық көлемде атқаруда, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігі.

Айта кетейік, облыстық әкімдік ғимаратында жалпы саны 1000-ға жуық адам еңбек етеді. Оның ішінде 528-і – мемлекеттік қызметкерлер.

Қазіргі уақытта ғимараттағы жағдай тұрақты, жұмыс процесі толық қалпына келтірілген.

Тағы оқи отырыңыздар:

Ақтөбеде өңір басшысы әкімдіктегі өртке байланысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді.

Наверх