Орталық референдум комиссиясы алғашқы халықаралық байқаушыларды аккредиттеді

20 Мамыр 2022, 21:55
1460
Бөлісу:
Орталық референдум комиссиясы алғашқы халықаралық байқаушыларды аккредиттеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 мамырда Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы «2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. 

Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттеуге 3 халықаралық ұйымнан және 5 шет мемлекеттен 39 байқаушы ұсынылды. 

Бұл туралы referendum2022 телеграм парақшасында хабарланды.

Оның ішінде: 

6 байқаушы ТМД–дан байқаушылар миссиясының құрамында; 5 байқаушы – Түркі мемлекеттері ұйымы байқаушылар миссиясынан; 17 байқаушы – ТМД ПАА-дан, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Молдова елдерінен 11 байқаушы аккредиттелді. 

Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отыратын болады. 

Халықаралық байқау институтын Орталық референдум комиссиясы 2022 жылғы 6 мамырда ашты. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу 2022 жылғы 30 мамыр сағат 18:00-ге дейін жалғасады. 

Өзгелердің жаңалығы