Орталық Қазақстандағы ірі су қоймаларының жағдайы тұрақты

19 Сәуір 2023, 19:35
1673
Бөлісу:
Орталық Қазақстандағы ірі су қоймаларының жағдайы тұрақты

Орталық Қазақстан өңірі үшін Нұра-Сарысу бассейндегі ең ірі төрт су шаруашылығы қоймаларының маңызы зор, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда, су қоймаларының аумағында көктемгі су тасқынының қаупі тұрақталды. Жауапты мамандар бассейндегі ірі су қоймаларының жұмысына күнделікті талдау-сараптау жұмыстарын жүргізуде.

Самарқанд су қоймасының жобалық сыйымдылығы- 253,70 миллион текше метрді құрайды, бүгінгі күні нақты көлемі - 228,8 миллион текше метр су құрайды.

Ал, Шерубай - Нұра су қоймасының жобалық сыйымдылығы 274,00 миллион текше метр болса, бүгінгі күні нақты көлемі 227,7 миллион текше метрге жетті.

Орталық Қазақстандағы ірі су қоймаларының жағдайы тұрақты

Кеңгір су қоймасының жобалық сыйымдылығы 319,0 миллион текше метр болса, қазіргі уақытта нақты көлемі 271,5 миллион текше метрді құрады.

Ынтымақ су қоймасының жобалық сыйымдылығы 108,9 миллион текше метр, қазіргі танда нақты көлемі 93,0 миллион текше метрді құрайды.

Бүгінгі күні ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 85%-ға жетті. Салааралық маңызы бар ірі су қоймаларында су тасқынының өтуі су қоймаларын пайдалану ережелеріне сәйкес толық реттелген. Нұра-Сарысу гидрографиялық бассейнінің аумағында барлығы 245 гидротехникалық құрылыс бар. Оның ішінде 19 гидротехникалық құрылыс Ұлытау облысында, 14 гидротехникалық құрылыс Ақмола облысында, 212-сі Қарағанды облысында орналасқан, - деп хабарлайды Су ресурстары комитетінің баспасөз қызметі.

Орталық Қазақстандағы ірі су қоймаларының жағдайы тұрақты


Айта кетсек, көктемгі су тасқынының қаупі 2-5 сәуір аралығында туындағанымен, ірі су қоймаларын реттеу жұмыстары тиімді жүргізіліп, қалыпты жағдайға жеткізілді. Су тасқыны кезеңінде Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан ең көп төгінділер 30 м3/сек құрады. Төгінділердің қорытындысы бойынша су басу фактілері орын алмады. Қазіргі уақытта Кеңгір, Шерубай-Нұра және Самарқанд су қоймалары жинақтау режимінде, - деп хабарлады Су ресурстары комитетінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы