Орталық Азия волонтерлары Қазақстанда бас қосады

17 Тамыз 2022, 10:09
895
Бөлісу:
Орталық Азия волонтерлары Қазақстанда бас қосады

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет  Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Спикер қазіргі Орталық Азия волонтерлар форумы 5 күнге жоспарланғанын айтты.

Оған еліміздің барлық өңірінен және көршілес Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген волонтерлер саласындағы сарапшылар қатысады.Атап айтқанда, 15-17 тамыз аралығында Түркістан мен Бурабайда түрлі іс-шаралар кешенінде қатысушылар волонтерлік саланы дамыту, Орталық Азиядағы волонтерлікке жаңа серпін беру жолдарын пысықтауда, идеялар мен ұсыныстар жинақталып отыр, - деді Қожахмет.

Мадияр Қожахмет форум қорытындысы бойынша арнайы қарар қабылдау жоспарланғанын атап өтті. 

Осы Қарарға енгізілетін ұсыныстар волонтерлік саласындағы сарапшылардың қатысуымен 2 күн ішінде жинақталып, зерделеніп, қорытынды іс-шараға ұсынылады, - деді ол.

Спикердің айтуынша, форум барысында қатысушы елдердің волонтерлері қазақстандық волонтерлікпен, оның ішінде өңірлік волонтерлермен танысып, волонтерлік акцияларға қатыса алды.

Атап айтқанда, Түркістан қаласы мен Бурабай кентінде волонтерлік экологиялық акциялар ұйымдастырылды, олардың соңында болашақ ұрпаққа тілектері жазылған уақыт капсуласы орналастырылды.Форумның қорытынды іс-шарасында БҰҰ волонтерлер бағдарламасы 2020 жылдың қорытындысы бойынша дайындалған «БҰҰ волонтерлер бағдарламасының әлемдегі волонтерліктің жай - күйі туралы» баяндаманың тұсаукесерін ұсынады, - деді Қожахмет.

Мадияр Қожахмет БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік қоғамдастыққа волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы ұсыныс жасағанын атап өтті.

 Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы БҰҰ волонтерлер бағдарламасымен бірлесіп, Жол картасын, БҰҰ тұжырымдамасын және қарар жобасын әзірледі. Бұл идея түрлі халықаралық диалог алаңдарында, атап айтқанда, Ресейде, Таиландта, Қытайда, Түркияда, Латвияда және басқа елдерде өткізілетін іс-шаралар аясында белсенді түрде талқыланып жатыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы