Орталық сайлау комиссиясы ТМД Байқаушылар миссиясымен кездесті

21 Желтоқсан 2020, 20:03
1737
Бөлісу:
Орталық сайлау комиссиясы ТМД Байқаушылар миссиясымен кездесті

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін ОСК төрағасы Берік Имашев ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, атқарушы хатшысы Виктор Гуминскиймен кездесу өткізді.

Жиын барысында Ортсайлаукомның төрағасы ТМД-дан Байқаушылар миссиясының мүшелерін сайлаудың жарияланғанынан бастап дауыс беру күніне дейінгі үгіт жұмыстарының негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды.

Виктор Гуминский өз кезегінде Берік Имашевқа кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, ТМД-дан Байқаушылар миссиясының байқау әдістері мен принциптері туралы хабардар етті.

Біздің кездесуімізден кейін, осы күннен бастап ТМД-дан Байқаушылар миссиясының штабы Қазақстан Республикасындағы кезекті парламенттік сайлауды байқау жөніндегі өз жұмысын бастайды, - деді В. Гуминский.

ТМД-дан Байқаушылар миссиясы Қазақстандағы сайлауды, оның ішінде Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқау бойынша үлкен тәжірибеге ие екенін атап өткен жөн. Олар Қазақстанда он төртінші рет байқау жүргізеді.

Өзгелердің жаңалығы