Орталық сайлау комиссиясы ТМД Байқаушылар миссиясымен кездесті

<p> </p> <h4> <p> Алматы, BAQ.KZ.&nbsp;2020 жылғы 21 желтоқсанда ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев ТМД атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары,&nbsp;атқарушы хатшысы Виктор Гуминскиймен кездесу өткізді. </p> <br> </h4>

 21 Желтоқсан 2020 2020, 20:03
21 Желтоқсан 2020 2020, 20:03
2016

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін ОСК төрағасы Берік Имашев ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, атқарушы хатшысы Виктор Гуминскиймен кездесу өткізді.

Жиын барысында Ортсайлаукомның төрағасы ТМД-дан Байқаушылар миссиясының мүшелерін сайлаудың жарияланғанынан бастап дауыс беру күніне дейінгі үгіт жұмыстарының негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды.

Виктор Гуминский өз кезегінде Берік Имашевқа кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, ТМД-дан Байқаушылар миссиясының байқау әдістері мен принциптері туралы хабардар етті.

Біздің кездесуімізден кейін, осы күннен бастап ТМД-дан Байқаушылар миссиясының штабы Қазақстан Республикасындағы кезекті парламенттік сайлауды байқау жөніндегі өз жұмысын бастайды, - деді В. Гуминский.

ТМД-дан Байқаушылар миссиясы Қазақстандағы сайлауды, оның ішінде Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқау бойынша үлкен тәжірибеге ие екенін атап өткен жөн. Олар Қазақстанда он төртінші рет байқау жүргізеді.

Наверх