Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 75 пайызы Қазақстанға тиесілі – Тоқаев

18 Қараша 2021, 15:13
872
Бөлісу:
Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 75 пайызы Қазақстанға тиесілі – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты.

Бүгінде Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 75 пайызы Қазақстанға тиесілі. Соның арқасында еліміз өңірдегі экономикалық көшбасшыға айналды. Үкімет пен дипломаттардың алдында тұрған аса маңызды міндет аймақтың көшбасшылық рөлін, осы жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайды. Бүкіл әлемді пандемия жаулағанына 2 жылға жуықтады. Оның салдары Қазақстанға да оңай тиген жоқ. Біздің дипломатиялық корпус осы кезеңде ауқымды іс атқарды. Шетелдегі мыңдаған азаматтарға көмек көрсетті. Сыртта қалып қойған азаматтарды елге алып келуі үшін жұмыс атқарды, - деді Тоқаев.

Президент атап өткендей, дипломаттар арқасында Қазақстанға гуманитарлық көмек жеткізілді.

Біз де бірқатар мемлекетке қолдау көрсеттік. Дипломатия арқасында індетқа байланысты ахуалды тұрақтандыруға үлес қосты. Түрлі қиындықтарға қарамастан алдымызда тұрған стратегияны орындауымыз керек. Биыл Теңізге тікелей шыға алмаған елдер тобына төрағалық етіп отырмыз. Басқа да шараларды жүзеге асыру үшін ауқымды іс-шаралар қолданылды, - деді Тоқаев.


Өзгелердің жаңалығы