Орталық Азияның ортақ визасы: Қазақстан мен Өзбекстан келісімге келді

20 Тамыз 2019, 08:32
2544
Бөлісу:
Орталық Азияның ортақ визасы: Қазақстан мен Өзбекстан келісімге келді

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Орталық Азия елдерінің өз «шенгені» әзірленуі мүмкін. Қазақстан және Өзбекстан тарапы аталмыш мәселеде келісімге келе алды, деп жазады altaynews.kz

Өзбекстан мемлекетінің вице-премьері Азиз Абдухакимовтың айтуынша, бастапқыда қос тараптың арасында қарама-қайшылық та туындаған. Қазақстан жаңа виза жасауды ұсынса, өзбекстандықтар электронды виза берудің біріккен жүйесін енгізуді жөн санаса керек. Бұл туралы Еadaily жазады.

"Келіссөздер бойынша айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткіздік. Қазір техникалық бөлшектермен көбірек жұмыс істеп жатырмыз. Айталық құқық қорғау органдарының, қауіпсіздік қызметінің жұмысы мен екі ел арасында қолайлы логистика құруға байланысты мәселелер қарастырылуда", - деп мәлімдеді вице-премьер.

Айта кетейік, Жібек жолының визасын 2019 жылдың ақпан айында енгізбек болған. Алайда келіссөздер процесі ұзаққа созылды.

Ал жоғарыда аталған екі ел арасындағы келіссөз сәтті аяқталып, ортақ виза жүйесі енген жағдайда, Қазақстанға немесе Өзбекстанға заңды негізде келген кез келген шетелдік азамат әр мемлекеттің визасын жеке-жеке алмастан, екі елдің аумағында еркін жүре алады.

Өзгелердің жаңалығы