Астанада «New Silk Way» VI халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы өтіп жатыр. «Kazlogistics» көліктік және логистикалық ұйымдар одағы заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры Ерлан Әбсатов форумда күн тәртібіне қойылған мәселелер туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әбсатовтың сөзінше, бүгінгі өткізіліп отырған «New Silk Way» VI форумға 25 елден мыңға жуық адам, 220 компания, оның ішінде 85 халықаралық деңгейдегі компания қатысып отыр.
Біз серіктестеріміздің классикалық дәлізден қарағанда орта дәлізге басымдық беріп отырғанын байқаймыз. Бұл дәліз: «Қазақстан - Әзербайжан - Грузия - Түркия - Румыния...» одан әрі ЕО елдеріне барады. Бұл бағыт Қазақстан, Ресей, Белоруссия арқылы баратын дәлізге алтерьнатив болып отыр. Әрине, «Орта дәліз» алыс әрі технологиялық түрде ауытпалық тудырады, десек те қазіргі таңда бағыт бойынша контейнерлік пойыз жөнелтіліп жатыр. Форумда сауда байланысының өскені туралы айтылды, бұл басқа елдерден сұраныстың бар екенін айтады, - деді Ерлан Әбсатов.
Оның айтуынша, басты мақсат - жүк ағынын 5 есе күшейту.
Әрине, дәлізді бір-екі жылда қарқын алып кетпейді, дегенмен біз орта дәліздің алдағы 5-10 жылда бәсекеге қабілетте аймаққа айналдырғымыз келеді. Күн тәрбіндегі тағы бір мәселе логистикалық тұрғыдан тек біз емес, көрші елдер де дамуы қажет. Өйткені жүктің (автор: тауардың) жылдам баруы аса маңызды. Қазақстан «Орта дәліз» арқылы жүкті 18 күнде діттеген жеріне жетуді қамтамасыз етуге дайын, - деді «Kazlogistics» көліктік және логистикалық ұйымдар одағы заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.
Сонымен қатар Ерлан Әбсатов көлік тасымал саланың қалай цифрландырылып жатқанын айтты.
Біз қағаз құжатты қолданамыз. Бұл сұрақ алдағы уақытта талқыланады деп ойлаймын, - деді ол.