Орта білім туралы аттестаттарды цифрландыру 2027 жылға дейін аяқталады

17 Маусым 2024, 19:12
252
Бөлісу:
Орта білім туралы аттестаттарды цифрландыру 2027 жылға дейін аяқталады
Фото: ortcom.kz

Орта білім туралы аттестаттарды цифрландыру 2027 жылға дейін аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Білім беру саласын цифрландыру жұмысы белсенді түрде жалғасуда. Биыл алғаш рет негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестаттар eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта мобильді қосымшада биылғы жылғы түлектердің аттестаттары қолжетімді. Алдыңғы жылдардағы түлектердің аттестаттарын толық цифрландыру 2027 жылға дейін кезең-кезеңмен жүргізіледі:

2024 жылы – осы жылдың түлектерінің аттестаттары; 
2025 жылы – 2010-2023 жылдардағы түлектердің аттестаттары; 
2026 жылы – 1991-2009 жылдардағы түлектердің аттестаттары;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап сұраныс бойынша 1991 жылға дейін берілген аттестаттар цифрлық формата қолжетімді болады.

Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру дипломдарын цифрландыру жалғасуда:

2024 жылы – 2004-2023 жылдары берілген дипломдар; 
2025-2026 жылдары – 2004 жылға дейін берілген дипломдар цифрландырылады.

Бұл түлектер мен олардың отбасыларына қолайлы жағдай жасау және білім беру құжаттарына қолжетімділікті оңайлатуға бағытталған қадам.

Өзгелердің жаңалығы