Орта Азия қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтеді

19 Желтоқсан 2022, 18:00
1332
Бөлісу:
Орта Азия қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтеді

Орта Азия қолөнер шеберлерінің «Жаңа жылдық жәрмеңке» атты жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23-25 желтоқсан күндері  «Бахыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі бірігіп ежелгі мәдени дәстүрді жалғастыра отырып, Орта Азия қолөнер шеберлерінің «Жаңа жылдық жәрмеңке» атты кезекті жәрмеңкесін өткізеді.

Жәрмеңкеге түрлі стилистикалық бағыттағы компаниялар мен шеберлер қатысады. Сіздердің назарларыңызға интерьер заттары мен жаңа жылдық кәдесыйлар, қолдан жасалған қуыршақтар және зергерлік бұйымдардың барлық түрлері, керамика мен киім, шарфтар, сөмкелер, қораптар, шырша ойыншықтары және т.б. ұсынылады!

Өткізетін орны: Орталық мемлекеттік музей (Самал-1 ықшам ауданы, 44 үй).

Музейге кіру бағасы:

Ересек билет 500 теңге;

Студенттер мен зейнеткерлерге – 300 теңге;

Оқушыларға – 200 теңге

Өзгелердің жаңалығы