Орта Азия энергетика министрлері Астанада алғаш рет кездесті

6 Тамыз 2024, 15:22
359
Бөлісу:
Орта Азия энергетика министрлері Астанада алғаш рет кездесті
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Отырысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан энергетика министрлері мен Әзербайжан энергетика министрінің орынбасары келді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық Азия мемлекеттерінің энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің төрағалығымен өтіп жатыр. Ол өз сөзінде энергетика саласындағы Орта Азия алдында тұрған бастысын-қатерлерді атады.

Орта Азия энергетика министрлері Астанада алғаш рет кездесті

Біздің алдымызда тұрған басты сын-қатерлердің бірі – энергетикалық ресурстарды жеткізудің тұрақтылығының жаһандық бұзылуы. Мұнай мен газ бағасының ауытқуы және басқа факторлар аймақтық және ұлттық әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа кепілдік беретін энергиямен қамтамасыз етудегі белгісіздікке әкеледі, - деді Сәтқалиев.

Осы орайда ол энергиямен қамтамасыз ету қауіпсіздігі үшін осы сын-қатерлерді болжау және басқару тетіктерін әзірлеп, Орта Азия елдері арасында ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды.

Орта Азия энергетика министрлері Астанада алғаш рет кездесті

Сенімді энергиямен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, сондай-ақ халық санының тұрақты өсуін және тиісінше электр энергиясын тұтынуды ескере отырып, жаңа энергетикалық қуаттарды іске қосу қажет, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы