Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден әйелді құтқарды

3 Наурыз 2024, 20:32
326
Бөлісу:
Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден әйелді құтқарды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін сағат 18:10-да Безымянная көшесінде көпқабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келгенде, 10 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде 5 шаршы метр алаңда жиһаз жанғаны анықталды.

Семей қаласының № 5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Әлібек Тұрсынбеков жанып жатқан пәтерден 1969 жылы туған әйелді алып шығып, 103 қызметіне тапсырды.Сонымен қатар, ТЖД күштерімен баспалдақ маршы арқылы түтінді ғимараттан құтқару қалпақтарын пайдаланып 20 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Өрттің себебі анықталуда.

Өрт сағат 18.36-да толығымен сөндірілді.

Сөндіру жұмыстарына барлығы 13 адам және 4 техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы