Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында гараж өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілер 5 газ баллонын өрттен қауіпсіз аймаққа бірлесіп шығарып, өртті 60 шаршы метр алаңда сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрттің үйге және шаруашылық құрылыстарына таралуына жол берілмеді, - делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.