Өрт сөндірушілер өрттен 2 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Алматы қаласы гарнизонның диспетчеріне Жетісу ауданындағы Айнабұлақ шағын ауданында орналасқан шина жөндеу шеберханасында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Шақырту орнына дереу бағытталған өрт есептортары өртке оранған құрылыстан 2 газ баллоны жедел түрде шығарылып, өртті 110 шаршы метр алаңда сөндірді, - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.