Өрт сөндірушілер таңғы уақытта екі қырық тонналық контейнердің өртенуін жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13 ақпанда сағ.07:21 елордалық № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері "Пригородный" ТА, Кирамика-2 көшесіне екі құрылыс контейнері жанып жатқаны туралы шақыруға шықты.
Өрт сөндірушілердің келуі бойынша екі қырық тонналық контейнер толығымен отқа оранғаны анықталды. Өрт сағат 07.44-те өрт оқшауланып, сағат 08:33-те жойылды.Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге барлығы 12 адамы және 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.