Түнде Алматы қаласы мен Түркістан облысындағы екі дүкеннен өрт шықты. Оқыс оқиғаның шығу себебі анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін түнде Алматы қаласында және Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ибат ауылында азық-түлік дүкендерінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер тиісінше 10 және 50 шаршы метр аумақтағы өртті жойды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.