Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Өрт сөндіруші, дәрігер мен полиция: Қазақстанда алғашқы әмбебап кешен ашылды

Бүгiн, 17:49
132
Бөлісу:
 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Шымкент қаласының Елтай шағын ауданында өртке қарсы қызмет, жедел медициналық жәрдем және полиция бөлімшелерін бір аумақта біріктірген Қазақстандағы алғашқы әмбебап жедел қызметтер кешенінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салтанатты іс-шараға төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, азаматтық қорғау ардагерлері, сондай-ақ салалық департамент басшылары қатысты.

Өрт сөндіруші, дәрігер мен полиция: Қазақстанда алғашқы әмбебап кешен ашылды

Бұл бірегей жоба «Аумақтарды дамыту жоспары» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, қоғамдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және төтенше жағдайларға әрекет ету жеделдігін арттыруға бағытталған. ТЖМ басшысы символикалық кілттерді табыстап, бөлімшелердің тәулік бойы кезекшілікті бастауға жоғары дайын екендігін атап өтті. 

Өрт сөндіруші, дәрігер мен полиция: Қазақстанда алғашқы әмбебап кешен ашылды

Сондай-ақ жедел қызметтердің бір алаңға біріктірілуі әрекет ету уақытын айтарлықтай қысқартуға және халықты қорғаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін ерекше атап өтті.

Өрт сөндіруші, дәрігер мен полиция: Қазақстанда алғашқы әмбебап кешен ашылды

Жаңа нысан жергілікті бюджет есебінен бар-жоғы алты ай ішінде салынды. Ғимаратта қызметтік бөлмелер, ГТҚҚ бекеті, асхана, оқу сыныбы, оқу мұнарасы және спорт алаңы орналасқан. Полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем мамандары үшін жеке бөлмелер, сондай-ақ техникаға арналған гараж және көлік қоюға арналған орын қарастырылған. Мұнда №8 өрт сөндіру бөлімі, жедел медициналық жәрдем бригадасы және полиция қызметкерлері орналасқан.

Өрт сөндіруші, дәрігер мен полиция: Қазақстанда алғашқы әмбебап кешен ашылды

Кешен Елтай шағын ауданының 16,5 мыңнан астам тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Биылғы жылдың соңына дейін осындай нысан Сәуле шағын ауданында да пайдалануға берілмек. 2026 жылы Шымкент қаласында тағы алты осындай әмбебап жедел қызметтер кешенін салу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы