Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі кикбоксингтен Азия чемпионы болды

14 Қазан 2024, 05:20
539
Бөлісу:
Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі кикбоксингтен Азия чемпионы болды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

6-13 қазан аралығында Камбоджа Корольдігінің астанасы Пномпеньде ересектер арасындағы К-1 нұсқасы бойынша кикбоксингтен Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облыстық ТЖД таратқан мәліметке сәйкес, сайысқа құрлықтың ең үздік спортшылары қатысты. 71 кг салмақ дәрежесінде азаматтық қорғау аға сержанты, Абай облысы ТЖД өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Берік Мұратұлы Қалықов жеңіске жетті.

Берік Қалықов тек тамаша физикалық дайындығын ғана емес, жоғары деңгейдегі техникалық шеберлігін де көрсетті. Ол барлық жекпе-жектерін сенімді түрде өткізіп, финалды нокаутпен аяқтап, Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл жетістік оның шеберлігі мен күші ғана емес, сонымен бірге бөлімшесі мен елі үшін үлкен мақтаныш.

Берік Қалықов 2016 жылдан бері спорттағы жетістіктерін азаматтық қорғау жүйесіндегі қызметімен қатар алып жүр. Ол спорттық аренада да, қызмет барысында да жоғары кәсібилік пен тәртіпті көрсетіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы