Өрт қаупі жоғары - Смайылов

25 Мамыр 2023, 09:29
799
Бөлісу:
Өрт қаупі жоғары - Смайылов
Фото: primeminister.kz

Өрт ошақтарын толығымен жойып, келтірілген залалды бағалау үшін «Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізуі қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Өткен отырыста ғана біз өрт қауіпсіздігіне дайындық мәселесін қараған болатынбыз. Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары. Ең бастысы, елді-мекендерге қатер төніп тұрған жоқ. Өрт толықтай бақылауға алынды. Енді оны оқшаулап, толығымен сөндіру керек, - деді Әлихан Смайылов.

Премьер бұл – әкімдік пен Төтенше жағдайлар және Экология министрліктерінің ортақ міндеті екенін атап өтті.

Абай облысына өрт сөндіру күштері мен техникаларын жіберіп, көмек көрсеткен өңірлерге Үкіметтің атынан алғыс білдіреміз. Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, өрт ошақтарын толығымен жойып, келтірілген залалды бағалау үшін «Семей орманы» резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізуі қажет, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы