Өрт кезінде жеті адам құтқарылды

12 Шілде 2024, 05:17
246
Бөлісу:
Өрт кезінде жеті адам құтқарылды
Фото: -архив

Ақтөбе қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 шаршы метр алаңда тоңазытқыш өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде жойылған.

ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, жоғарғы қабаттардан 5 бала және 11 ересек эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы