Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Орнымнан тұрып, жүгіріп бардым": Денсаулық сақтау министрі ұшақтағы оқиға туралы айтты

3 Желтоқсан 2025, 10:33
346
Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
VIDEO
Фото: видеодан алынған кадр

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақтағы оқиғаға қатысты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер: «Ұшақта көрсеткен медициналық көмегіңіз әлеуметтік желіде, қоғамда күмән тудырып жатыр. Оқиғаны растай аласыз ба?» деп сұрады. Министр әуеде көмек көрсеткенін растады.

Өкінішке қарай, күмәндар болып жатыр. Көмек көрсеткен бірінші жағдай емес. Бірінші рет біреу әлеуметтік желіге салып жіберген. Көмек көрсетілді. Қан қысымы көтеріліп кетіпті, құсып жатқан жерде «Дәрігер бар ма?» деген уақытта орнымнан тұрып, жүгіріп барып, көмек көрсеттім. Менің орнымда кез келген дәрігер, медицина қызметкерлері көмек көрсетеді деп ойлаймын. Сондықтан мұндай айтарлықтай күмән, сұрақ туатындай ешқандай (жағдайды) көріп тұрған жоқпын, - деп ағынан жарылды еліміздің бас дәрігері Мәжілістің кулуарында.

Министр «мұны PR үшін жасалған» деген пікірге өз парызымды орындадым деп жауап берді.

Әр адамның өз пікірі бар. Мен әрқайсысының пікіріне әсер ете алмаймын. Ең бастысы мен өзімнің парызымды орындадым. Ешкімнің алдында ақталатын жағдайым жоқ, - деді Ақмарал Әлназарова.

Еске салайық, бұған дейін Астана–Алматы бағытындағы КС 622 таңғы рейсінде министр әуеде кенеттен жағдайы нашарлаған жолаушыға көмек көрсеткені туралы ақпарат тараған болатын.

Өзгелердің жаңалығы