Ресей мен Қытай Парсы шығанағы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарар жобасына вето қойды. Бұл құжат Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін үйлестірілген қорғаныс шараларын қабылдауды ұсынатын еді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Қауіпсіздік Кеңесінің 11 мүшесі «қолдаймын» деп дауыс берсе, екі мемлекет (Пәкістан және Колумбия) дауыс беруден тартынды.
Бірнеше апталық келіссөздерден кейін бастапқы қарар жобасы жұмсартылды: VII бөлім (әрекетке әскери күш қолдануға құқық беретін) алып тасталып, орнына «мемлекеттерге қорғаныс үшін барлық қажетті құралдарды қолдануға мүмкіндік береді» деген формулировка қосылды. Соңында құжатта қорғаныс шараларын белсенді түрде қабылдауға шақыру сақталды.
Дауыс беру алдында Бахрейн Сыртқы істер министрі доктор Абдуллатиф бин Рашид Аль Заяни Кеңес мүшелеріне жобаның жаңа шындық қалыптастырмайтынын, бірақ Иранның қайталанатын қастандық әрекеттеріне жауап ретінде маңызды екенін жеткізді. Оның айтуынша, Қауіпсіздік Кеңесі өмірлік маңызды су жолының қысым жасау құралына айналуына жол берсе, бұл бүкіл әлемге ауыр салдар әкеліп, басқа бұғаздар мен су жолдарында ұқсас жағдайларды тудыруы мүмкін.
BBC хабарлауынша, Қытай бұғаз арқылы өтуді жалғастырып, Ресей мұнайға қатысты санкциялардың жеңілдеуінен пайда көруі мүмкін.
Қазіргі уақытта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру мәселесі бойынша отырыс өткізуде. Қарар жобасы Бахрейн төрағалығында ұсынылып, мемлекеттерді «жағдайға сай үйлестірілген қорғаныс шараларын қабылдап, кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге» шақырады.