Орманшылар қанша жалақы алады? – Экология министрі жауап берді

Ерлан Нысанбаев 100 пайызға көтерілген жалақылардың қазіргі көлемі қандай екенін айтты

 ОКҚ 9 Қараша 2023 2023, 13:10
9 Қараша 2023 2023, 13:10
1265
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орман және балық шаруашылығы қызметкерлері басқа салалармен салыстырғанда ең төменгі жалақы алатын мамандар қатарына жатады. Сондықтан биыл орман саласы қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға көтерілді, - деп еске салды министр.

Кейіннен Ерлан Нысанбаев 100 пайызға көтерілген жалақының қазіргі көлемі қандай екенін айтты.

Бүгінде орман саласындағы орта буын мамандары шамамен 180 мыңнан 220 мыңға дейін жалақы алады. Орманшылар жалақысы 140 мыңнан 180 мың теңгеге дейінгі аралықта. Ал басшылық қызметтердің жалақы мөлшері 280 мыңнан 350 мың теңгеге дейінгі аралықта көтерілді, - деді министр.

Наверх