Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы орманды қалпына келтіру үшін қанша уақыт керегін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілдері министрге «Абай облысындағы өрттен қанша гектар орманды жоғалттық? Оны қалпына келтіру үшін қанша уақыт керек?» деп сұрады.
Министрдің мәліметінше, шамамен 60 мың гектар өртенген. Өртті толық жою туралы айту әлі ерте.
Алдағы 2 аптада өртті толық жою үшін ауқымды жұмыс жүргізіледі деп ойлаймын, – деді Зүлфия Сүлейменова Үкімет кулуарында.
Сүлейменова өрттен кейін қызметтік тергеу жүргізілетінін атап өтті.
Жалпы өрттің салдарынан жою бойынша бірінші кезектегі шаралар 3-4 жыл уақыт алады. Бұл - түтіннің иісін жою және тағы басқа. Орманды қалпына келтіру өте қиын. Себебі, ол құмды жер. Қарағайлы орманына 100-120 жыл болған. Сондықтан оны қалпына келтіру үшін өте көп уақыт керек. Мұнда біз бір-екі жыл туралы емес, ондаған жыл туралы айтып отырмыз, – деді министр.