Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Нысанбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда үкімет орманның өрт қаупі жоғары учаскелерінде өртті ерте анықтау жүйесін орнатуды мақұлдады.
Осы орайда орманды бақылау және өртті ерте анықтау үшін министрлікте «Ахуалдық орталық» құру жоспарлап отыр. Бұл жүйенің енгізілуінің заңсыз ағаш кесу мен браконьерлікке қарсы күресте маңызы зор. Жалақыны көтеру мәселесіне келсек, 1 шілдеден бастап мемлекеттік орман қорғау мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 100%-ға көтерілді, - деді Ерлан Нысанбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министр штаттағы әкімшілік қызметкерлер (экономистер, бухгалтерлер және т.б.) мен штаттан тыс қызметкерлерге министрлік пен кәсіподақ арасындағы салалық келісімнің аясында 70% үстемеақы қарастырылғанын атап өтті.
Мәселені жүйелі негізде шешу үшін ведомство орман өрт сөндіру станцияларының өртке қарсы қызметінің штаттан тыс қызметкерлерін (877) штатқа қосу мақсатында үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Қаулы жобасы мемлекеттік органдармен келісу сатысында, - деді Нысанбаев.
Еске салсақ, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Семейде болған өрттен кейін қандай істер атқарылғанын айтқан болатын.