Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл мәселені Президент өз бақылауында ұстап отыр, - деп жазды ол.Естеріңізге сала кетейік, Риддердегі шөптен шыққан өрттен 35 үй өртеніп, бір адам қаза тауып, екі адамды күйік шалғанын жазған едік.
ШҚО ТЖД қауырт желі телефоны жұмыс істеуде. Көмекке мұқтаж барлық адамдар 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады, онда психологтар зардап шеккендермен жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.