Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Орман өрті: Испанияда өрт қойды деген күдікпен 37 адам ұсталды

21 Тамыз 2025, 03:18
667
Бөлісу:
 Х әлеуметтік желісінен
Фото: Х әлеуметтік желісінен

Германиялық құтқарушылар испандық өрт сөндірушілерге көмектесу үшін келді. Испанияда 7 тамыздан бері жалғасып жатқан орман өрті әлі сөнген жоқ. Елдегі өрттен қаза тапқандар саны төрт адамға жетті. Орман өртіне қатысы бар деген күдікпен 37 адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.

Ең қиын жағдай Галисия автономиялық аймағында 155 мың гектарға жуық жер өртенді. Бұл 2006 жылдан бергі ең үлкен көрсеткіш. Жалпы, экологиялық мониторинг қызметінің мәліметі бойынша, тамыздағы өрттер елде 350 мың гектардан астам аумақты шарпыған.

Кастилия мен Леон тұрғындары өртпен күресті орталық билікке беруді талап етуде. Қазіргі уақытта 21 өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Испанияның солтүстігіндегі өрт сөндірушілерге көмектесу үшін неміс әріптестері келді.

Испания премьер-министрі Педро Санчес аймақты аралап, 16 күндік аптап ыстық пен оның салдарынан болған өртке климаттың өзгеруін айыптады.

Өзгелердің жаңалығы